Біз туралы
Құрметті ата-аналар!
Жоба қуаттылығы - 45,
Оқытылу тілі: мемлекеттік тілде
Мектепке дейінгі ұйымның түрі: Бөбекжай
Бөбекжайға қабылдау уақыты: 7.30 басталады, кешкі 18.00 дейін.
Жұмыс күні: 5 күн .
Орналасқан жері: Сарайшық 62.
Балабақша - баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя.
Басшылық пен ұжым
Басшылық - бағыт, ұжым - қуат, нәтиже - ортақ жетістіктер!
Оқу- тәрбие бағыты
Бөбекжай әрбір жас деңгейіне арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мемлекеттік тілде білім береді.
Стандарт:
1) тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;
2) тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі;
3) тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптары.
4) білім беру бағдарламаларының вариативтілігін қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік және вариативтік оқу жоспарларын әзірлеу;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын әзірлеу;
6) меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарында (бұдан әрі - мектепалды сыныптар) тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік материалдар әзірлеу;
7) мектепке дейінгі ұйымдағы жас топтарының күн тәртібін әзірлеу;
8) әрбір баланың жан-жақты дамуы мен әлеуетін ашуға қолайлы жағдайлар жасау;
9) балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы жағдайлар жасау;
10) баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру;
11) балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.
|
Материалдық база. Мекеменің материалдық – техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. |
Негізгі құндылық. Әр баланың қауіпсіз, мейірімді ортада дамуына және өзін еркін көрсетуіне басымдық береміз. |
Құрметпен : «Иштаев Е.А» ЖШС « Айгөлек+» жеке бөбекжай әкімшілігі.